Әжетхана күзету: Аймағамбетов мұғалімге жақтасты

14.12.2019 Жаңалықтар
6
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Түркістанда мектеп мұғалімі әжетхана күзетпегені үшін тәртіп сақшылары айыппұл салғанына қатысты пікір білдірді. Министр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін айтты. "Түркістан қаласындағы №15 мектептің мұғаліміне қатысты орын алған оқиғаға ұқсас жағдайларға мүлдем жол берілмеуі тиіс. Білім және ғылым министрлігі тарапынан бұл мұғалімді қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, аталған оқиғаға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуды талап ететін боламыз. Оның ішінде, мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне де қатысты. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп санаймын. Егер осындай фактілер қайталанатын болса, қатаң шаралар қолданылатын болады.
Орын алған жағдайдың себептерін жан-жақты түсіну үшін мұғаліммен телефон арқылы сөйлестім. Жағдай менің жеке бақылауымда", -дейді  министр Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында. Еске салсақ Түркістан қаласындағы №15 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімін полиция жұмыс орнынан күштеп алып кетіп, мектеп әжетханасын күзету кезекшілігінде орнында болмағаны үшін 12 мың теңге айыппұл салған. [embed]https://arasha.kz/mektep-zhethanasyn-k-zetpegeni-shin-m-alimdi-policiya-stady/[/embed]