Ақышев Назарбаевтің көмекшісі болып тағайындалды

09.04.2019 Жаңалықтар
4

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Ақышевті өзінің көмекшісі етіп тағайындады.

"Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын"-деп елбасының шешімін Ақорда сайты жариялады.

Еске салсақ ақпан айында Д. Ақышев Қазақстан президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Оған дейін 2015 жылдан бастап Ұлттық банктің төрағасы болды.