Ақтөбеде құлаған зымыран сынығы Ресейдікі - министрлік
11.01.2020
Жаңалықтар
4
фото: kazweek.kz
Ақтөбе облысы аумағында зымыран сынығы құлағаны туралы хабар тараған еді. Оқиғаға байланысты 11 қаңтарда қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратты.
Министрлік құлаған зымыран сынығы Ресейдің Ақтөбе облысы аумағынан жалға алып отырған әскери полигонында кезінде оқу-жаттығу кезінде болғанын айтады.
Полиция зымыран сынығы құлаған аумақты оқшаулаған. Оқиғаға қатысты екі елдің бірлескен комиссия жұмыс істемек. 9 қаңтарда Ақтөбе уақытымен 14:30 шамасында Байғанин ауданының Ноғайты және Ебейті ауылдарына жақын маңда белгісіз темір зат құлағаны туралы ақпарат тараған еді. Ресей Ақтөбе облысы аумағындағы әскери полигонды 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес жалға алып отыр. Әскери полигон Ресей қорғаныс министрлігіне қарайды.делінген қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.