5 мың теңге алғаны үшін 800 мың теңгеден аса айыппұл төледі
10.11.2021
Жаңалықтар
5
Нұр-Сұлтанда шенеунік бұрын пара алып, сотталған азаматты жұмысқа қабылдаған. Әкімдік қызметкерінің қандай жазаға тартылғаны жөнінде жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің жетекшісі Шыңғыс Кабдула хабарлады.
"Қазіргі уақытта бізде 2022-2026 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес саясатының тұжырымдамасы дайындалуда. Пара алғандарға қылмыстық жауапкершілік күшейтілді және жемқорлықпен сотталғандарды уақытынан ерте босату бабының күші жойылды. Қарамағандағы азаматтар жемқорлықпен ұсталса, мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілерінің қызметтен кетуі бекітілді, жемқорлықпен ұсталған азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға өмір бойына тыйым салынды", -деді Шыңғыс Кабдула. Департамент басшысының айтуынша, биыл сәуір айында Әкімшілік кодекске өзгертулер енгізіліп, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 15 құқық бұзушылық фактісін тіркеген.- Өзгертулер күшіне енгеннен бастап, 8 азамат, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Оларға жалпы соммасы 2,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.