2018 жылғы қазанда ең төмен күнкөріс деңгейі 28 620 теңгені құрады
Нан, ұн, макарон, тоқаш және ұн өнімдері, ет және ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, жемістер мен көкөністер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жармалар арзандады.
Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2018 жылғы қазанда күрішке орташа бағасы 2017 жылғы қазандағы килограмына 289 теңгеге қарсы 314 теңгені, ал қарақұмық жармасы сәйкесінше 337 теңгеге қарсы 248 теңгені құрады.
2018 жылғы қазанда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1585 теңгені (өткен жылғы тиісті кезеңде – 1462 теңге), қаймаққа – 1047 теңгені (967 теңге), мәйекті ірімшікке – 2461 теңгені (2189 теңге), айранға – 282 теңгені (266 теңге), пастерленген сүтке 222 теңгені (211 теңге) құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
arasha.kz