Жамбылда жойылуға тиіс снарядтар мейрамхана ауласында үйіліп жатыр

29.08.2021 Назарда
5
Жамбыл облысы Байзақ ауданының орталығы - Сарыкемер ауылындағы жағдай елді шошытты. Ауылдағы мейрамхана ауласында тау боп үйілген снарядқа ұқсас темір заттар шашылып жатыр. Жеке аумаққа әскери оқ-дәрі қалдықтарының не үшін әкелінгені және қандай мақсатта жиналғаны түсініксіз. Сарыкемер жарылыс болған әскери қоймаға жақын орналасқан. Оқиға орнынан тікелей эфир түсірген AIBAT тілші мән-жайды анықтауға тырысты.  Снарядқа ұқсас темір зат мейрамхана ауласында қайдан пайда болды? Ол кімге тиесілі? Қаупі қандай? Мейрамхана қожайыны ауладағы қару қалдықтарының зиянсыз екенін айтады. Ал өздерін көрсетуден бас тартқан ауыл тұрғындары оқ-дәрі қалдықтарынан тиын-тебен көріп жүргендердің бар екенін айтады. Қызығы, жеке аумақта таудай болып үйіліп жатқан снаряд қалдықтары туралы облыстық полиция қызметі де хабардар. Олар суық қару бөлшектері қауіпсіз деп сендіреді.