«Жағдайлары өте ауыр»: Алматылық дәрігерлер ұшақ апатынан аман қалғандар туралы айтты
15.03.2021
Назарда
5
Алматыдағы №4 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігерлері апатқа ұшыраған АН-26 әскери ұшағынан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның өмірі үшін күресуде. Науқастар № 4 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда 17.22-де Ан-26 ұшағының апатқа ұшырады. Төтенше жағдайға байланысты Алматы әуежайы жабық. ҰҚК әскери ұшағында қаза болғандардың отбасына мемлекет басшысы көңіл айтты. Кейін Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған Ан-26 ұшақ бортында болған әскерилердің есімі аталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы әуежайы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың тәжірибелі мамандар екенін жазды.