Тоқаев «Нұрлы жер» бағдарламасының проблемасын шешуді Маминге тапсырды
25.03.2021
Назарда
5
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың премьер-министрді қабылдағанын хабарлады. Асқар Маминге бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Ақорда мәліметінше, Премьер-министр Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы жайында баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында үкіметке «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.
Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек.