Судьяның кабинетінен 4500$, үйінен 2 800 000 $ табылғаны рас па?

29.04.2021 Назарда
5
Алматылық судьяның ұсталуына қатысты желіде жаңа мәліметтер шықты. Телеграм каналдағы ақпаратта Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованың  кабинетінен 4500 доллар табылса, үйінен 2 800 000 доллар тәркіленді. Бұл фемида өкілі сақтаған доллардың бәрі емес.  Судья көлігіне тағы 600 мың доллар жасырған делінген. Telegram каналда тараған мәліметке сүйенсек, судья құрылыс компаниясынан 1 180 000 доллар пара сұрау кезінде қолға түскен. Заңсыздықтар Алматы қалалық ҰҚК мен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген тексеріс кезінде анықталды.   Қазіргі күні судьяға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды. Судья Света Жоламанова мүдделі тұлғаларға олардың пайдасына шешім шығаруға көмектесуге байланысты алаяқтық әрекеттерді жасады деп күдіктелуде.