Ринат Зайытов: Айтқанымнан қайтпаймын

27.09.2023 Назарда
6
Белгілі айтыскер, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов айтқанымнан қайтпаймын деп отыр.

Ол өзіне қарсы айтылған пікір, әрекеттер айтқанынан бас тартпайтынын ескертті.

- Мені ондай әрекеттер, айтылған сөздер жолымнан тайдырып, айтқанымнан қайтарады деген жаңсақ пікір. Бізде елдің жағдайы бар. Нақты. Соны жеткізу – біздің тікелей міндетіміз – дейді Ринат Зайытов.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Ринат Зайытов алаяқтық жасайтындардың 80 пайызы намаз оқитындар деген сөзі үшін басы дауға қалған болатын.

Arasha.kz

ФОТО: azattyq-ruhy.kz