"Қаңтар" оқиғасы кезінде қаза тапқандардың туыстары ақорда маңында түнеп жүр

13.07.2022 Назарда
4

Қаңтар” оқиғасы кезінде қаза тапқандардың туыстары Ақорда маңында түнеп жүр. Наразылық білдірушілердің арасында төрт айлық сәбиін қолында ұстаған ана да бар деп жазды “Азаттық” . 

"Президенттің бізбен сөйлескенін қалаймыз. Өйткені прокуратурада да, басқа мекемелерде де болдық. Бірақ еш нәтиже жоқ. Енді ренішімізді тек президентке жеткізгіміз келеді", – дейді наразылық білдірушілердің бірі Арайлым Сағатбекова. Оның айтуынша, Ақорда алдында екі түн түнегендердің кейбірі алғашқы күні жауған жаңбырдың салдарынан ауырып та қалған.

Тараздық Бақытжан Шыңғысбековтің сөзінше, наразылық білдірушілердің арасында Алматы, Семей, Өскемен, Қызылорда, Тараз қалаларының тұрғындары бар. Сәрсенбі күні оларға тағы бірнеше қаладан қаза тапқандардың туыстары қосылуға ниетті. Наразы халық елордалықтар қолдарынан келгенше көмектесіп, ыстық тамақ пен су, жылы көрпе алып келіп жатқандарын жеткізді.  Қазіргі таңда жиналғандарды полиция бақылауға алған. Олар азаматтарды үйлеріне қайтуға шақырды. Ал прокуратура болса 15 күн ішінде олардың талаптарына жауап беретінін мәлімдеді.  Сурет: rus.azattyq.org сайтынан