Президент елде айқай-шу көтеретін көп балалы аналар тәртібін прокуратураға тапсырды

21.10.2021 Назарда
5

Қасым-Жомарт Тоқаев енді Қазақстанда рұқсат етілмеген наразылық акцияларын ұйымдастыру әрекетіне құқықтық баға берілетінін ескертті.

 

Президент айқай-шу көтеретін көп балалы аналардың да тәртіп бұзып жүргенін айтты.
"Шын мәнінде ана дегеніміз - отбасының ұйытқысы, ананың орны ерекше. Оны бәріміз де білеміз. Сондықтан біз қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Сонымен қатар аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көп балалы аналарымыз заңсыз ерулерге шығып, айқай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзып отыр", - деді Тоқаев.