Нұрлан имам Ринат Зайытовтың сөзіне қатысты жауап берді
28.09.2023
Назарда
6
Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың «алаяқтардың 80 пайызы намаз оқиды» деген сөзіне жауап берді.
Бұл бұл жайлы өзінің тик-токтағы тікелей эфирі барысында айтқан.
Нұрлан Байжігітұлы қоғамда Ринат айтқандай мәселе бар екенін жасырмады.
Ал бұл жерде Ринаттың 80 пайыз дегені, мен білмеймін енді, сәл артықтау шығар, бірақ шын мәнінде біздің домбырамызға, салт-санамызға қарсы шыққан, сәләфилікті айтып келіп, сол арқылы келді. Сондықтан солай деп түсініңіздер. Біз бір қазақтың баласын аяққа жығып, абырой таппаймыз. Ол пенде. Өз жағдайын өзі түсінер. Ол не айтқысы келгенін өзі айтады. Айтпаса да, біз солай түсінейік. Мен солай түсінемін. Өйткені оның Құдайы бар азамат екенін білемін. Шын мәнінде бізде ол проблема бар, ол жасырын емес. Тіпті, былай түсінсеңіздер де болады, қылмыс жасағанның көбі түрмеге түскеннен кейін намаз оқып кетеді деп түсінуге болады. Бізде ондай проблема жоқ емес қой. Бар, білеміз бәріміз – деді Нұрлан имам.Айтпақшы, Ринат Зайытов бұл тұрғыда айтқанынан қайтпайтынын айтқан болатын. [embed]https://www.tiktok.com/@dulatsuleimenov/video/7281685755548749074[/embed]Arasha.kz
ФОТО: дереккөз