Назарбаевтың ескерткішін құлатқаны үшін азапталған азаматқа үкім шықты

07.07.2022 Назарда
26

Назарбаевтың мүсінін құлатқан 38 жастағы Азамат Батырбаев шартты түрде бостандығынан айрылды. 

Азамат Батырбаевқа қатысты шешім Талдықорған қалалық сотында шығарылды.  "Тергеу материалдары сотқа айыпталушының өз кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімімен түсті. Сот шешіміне сәйкес ол 4 жыл 6 ай көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл уақыт аралығында сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалады", – деді қалалық сот өкілдері.