Елімізде баспана бағасы тағы қымбаттады
09.03.2021
Назарда
5
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда 2021 жылдың ақпан айында да тұрғын үй бағасы өсті, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Бір айда (2021 жылғы қаңтар-ақпан) абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы 3,1%-ға, жаңасын сату - 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 1,6%-ға қымбаттады", - деді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Республика бойынша шаршы метрдің орташа бағасы 322 968 теңгені құрады. Ақпан айына қарай өсім 7,7% құрады.
Бағаның өсуі - 19,1%.
Тұрғын үйді жалға алу кезінде шаршы метр орташа есеппен 1 714 теңгеге бағаланып, 10,7% өсім байқалады.