"Астана LRT" ісі аппеляциялық сатыда қайта тергеуге жіберілді
07.10.2021
Назарда
5
Нұр-Сұлтан аппеляциялық сот алқасы
"Астана LRT" ісі бойынша қылмыстық істі прокуратураға қайтарды. Осыған дейін шыққан сот үкімінің күші жойылды.
"Сот алқасы қаулы етеді: 2021 жыл 28 мамырдағы Аманжолов, Нұрпейісов, Ачилов, Қасабаев, Мусенов, Әбдіхамитовқа қатысты қылмыстың іс бойынша ауданаралық мамандандырылған сот үкімінің күші жойылсын. Қылмыстық істі Қылмыстық-процестік кодекстің 323 бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы прокурорына істі соттың қарауына кедергі келтіретін жағдайларды жою үшін қайтарылсын", - деді судья Абай Көкжалов
Сот айыпталушылардың қамауда қалатынын және бұлтартпау шараларының мерзімі істің прокуратураға түскен уақыттан 1 айға ұзартылатынын атады.