Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық іс тергеліп жатыр

02.06.2023 Назарда
7
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық істі тергеп жатыр. Kazakhstan Today агенттігінің мәліметіне қарағанда «Антикор» Мәдениет министрлігін Дәурен Абаев басқарған кездегі былық-шылықты әшкерелеуге кіріскен сыңайлы. Әсіресе 2022 жылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін өткізу қаншалықты заңды болғанын тексере бастаған.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр, - деп жауап берді «Антикордың» сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов.

Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігін 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін басқарған болатын. 2001-2003 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы; 2003 жылы – Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінде үшінші хатшы;  2003-2007 жылы – Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы істеріне сенімді уәкіл, екінші хатшы;  2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы;  2007-2008 жылдары – сарапшы, ҚР президенті хаттамаларының консультанты;  2008-2009 жылдары – ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары;  2009-2011 жылдары – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;  2011 жылы – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы;  2013 жылы ҚР президентінің кеңесшісі;  2016 жылы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды.  2019 жылдың 25 ақпанында Елбасының Жарлығымен қайта құрылған Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды 2020 жылдың 4 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. 2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды 2023 жылдың 2 наурызында ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Еске салайық, 2022 жылдың 5 желтоқсанында қазақстандық режиссерлер «Еуразия» кинофестивалін өткізу «талаптарына» күмән келтірген болатын. Олар кинофестиваль бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізудің заңдылығына күдіктенген еді.

arasha.kz

ФОТО: Sputnik / Владислав Воднев