Жерге бөлінген 26 миллиард теңге қайда?!
Әңгіменің әлхиссасы осыдан басталған. Ол Индустрия және инфрақұрылым министрлігі мен Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйеніп, 2022 жылы барлық облыс әкімдеріне инженерлік инфрақұрылымды өткізіп, 49 591 жер телімін дайындау үшін 51 миллиард теңге бөлінгенін келтіреді.
Бірақ та, 2022 жылы іс жүзінде 24 968 жер телімі әзірленген болатын. Қалған жер қайда? Қалған ақша қайда деген сұрақ туындайды!? Ал қалған 26 мың жер телімін әзірлеу үшін 8 облыс әкімдігіне бөлінген 26 миллиард теңгенің тағдырын Парламент мінберінен көтеруге тура келді. Міне, 30 маусымда әкімдердің үстінен жолдаған сұрауым бойынша Бас Прокуратурадан жауап келді – дейді депутат.Прокуратураның депутатқа берген жауабын бірге сараптап көрейік.Екіншіден, мен прокурорлардан мониторингті емес, прокурорлық тексеруді талап еткен сияқты едім. Прокурорларың мониторингпен шектеліп қалды! Мұны қалай түсінуге болады? – деген депутат прокуратура жауапты орысша қайтарғанын байқатты.
Үшіншіден, прокурорлардың жауабының орысша мәтінінде Ақмола (90%), Қостанай (89%) және Батыс Қазақстан облыстарында (76%) инфрақұрылым әзірленген делінген. Онда бұл ақпаратты Қаржы министрлігі және Индустрия және инфрақұрылым министрлігі неге растамады? Басында, бұл ақпаратты ұсынған министрліктердің өкілдері мәлеметтерді неге бермеген? Жалған сөйлеп тұрған кім: министрліктер ме, жоқ әкімдер мен прокурорлар ма? – дейді ол.Өз сараптамасында депутат жер телімін игеруге қазынадан қанша қаржы бөлінгенін нақты көрсеткен.Сонымен қатар депутат аталған министрліктер мен прокуратураға бірнеше сауал тастайды.
Егер облыс әкімдіктері бөлінген бюджеттік ақшаға толықтай есеп бермесе, жоспарлаған тиісті инженерлік инфрақұрылымды жер телімінде жүргізбесе, Қаржы министрлігі олардан есеп алмай, 2023-2024 жылға қалай ақша бөлмек? 2023-2024 жылға тиісті жоспарланған ақшаны облыс әкімдіктеріне бөлгеннің өзінде 2022 жылы бөлінген қаражаттың есебін кім бақылайды? – дейді заңгер.Депутат ең сорақысы, прокурорларға басында хат жолдағанда қаржы жымқыру және тиімсіз пайдалану фактісі орын алған жағдайларда әкімдерге қылмыстық қудалауды жүргізуді сұрағанын, прокурорлардың Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында инженерлік инфрақұрылымды өткізу жұмыстары өтіп жатқанын құр жалпылама сөзбен жазғанына кейістік танытады.Жалпы, жадымызда «прокурорлар әкімдерді қылмыстық қудалауға дайын ба?» деген күмән туындап жатыр. Байғұс тоз-тозы шыққан жерсіз, үйсіз қаңғып кеткен қара халыққа әкімдіктердің бұл ісін қалай түсіндіреміз? – деп торығады депутат.
Arasha.kz
ФОТО: baq.kz