Зайытов: Әлеуметтік желі шулады екен деп, дірілдейтін қорқақтарың мен емес
Депутат елдегі діни ағымдар мәселесіне алаңдаушылық танытып айтқан соңғы сөздері ислам діні сеніміндегі кейбір топтар тарапынан түсінбестік туғызған еді. Бұл мәселе әлеуметтік желі қолданушылары арасында кішігірім дауға ұласты. Қазақстанда соңғы кезде кейбір ислам діні ағымдарының белсенділігі байқалып, "орамал дауы" қайта өрши бастады.Қадірлі ағайын, мен де өздеріңіз сияқты көп пенденің бірімін. Ешкімнен тығылып, ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Қандай да бір айтарларыңыз болса, жауабын беруге дайынмын. Бар арманым елімнің дұрыс өмір сүргенін, отанымның гүлденгенін көру ғана. Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын! Өйткені оған себеп көріп тұрған жоқпын. Әлеуметтік желі шулады екен деп, дірілдейтін қорқақтарың мен емес. Алға қойған нақты мақсатыммен жоспарым бар. Сол жұмыстарды бітіруім керек. Мәжіліс мінберінен халыққа берген антым бар. Берілген мерзім бес жыл. Сол бес жылымды халықтың мүддесін қорғауға арнаймын. Басқасы бір жаратқанның құзырында. Түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын. P.S Ватсабыма шығып, қорқытпақшы болып жатқан батырсымақтар. Сендерден шошып жүретін жағдайым жоқ. Аптасына бес күн жұмысқа жаяу барып, жаяу келемін. Қылатындарыңды қылып алыңдар. Оққағарым да, сендер айтқан "братвам" да жоқ. Сенгенім бір Құдай",- деп жазады депутат.