Тоқаев қазақ тілінің емес, орыс тілінің дамығанын қалайды
08.11.2023
Мінбер
8
Бұлай деуімізге Қазақстан президентінің бүгінгі Ресейдің «Известия» газетіне берген сұқбаты дәлел деуге болады.
Ол журналистің «орыс тілін дамыту туралы бастамасына» орай қойған сауалына жауап бере отырып:
Сонымен қатар ол, бір нәрсеге баса назар аударуды сұрайды.
Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы бастама көтерген кезде мен әлемдік тәжірибені де басшылыққа алдым. Кезінде француз, неміс, испан және басқа да тілдерді дамыту үшін осындай халықаралық ұйымдар құрылған. Мына нәрсеге баса назар аударғым келеді. Орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру идеясы ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның мемлекеттік тіл саясатына балама жасау ниетінен туған жоқ. Ұйымның құқықтық субъект ретінде танылуы және оған ТМД-ға мүше емес өзге мемлекеттердің қосылуына ашық болуы маңызды – деді ол.Сондай-ақ ол, биыл ТМД аумағында Орыс тілі жылы болып жарияланғанын айта келіп, «мұның символдық мәні зор» екенін атап өтті.Дәл осы кезде елімізде тіл мәселесі ушығып тұр. Қазақстанда қазақ тілі дамуы әлі кешеуілдеп, қос тіл саясаты жүріп жатыр. Елдегі қазақ ұлтының үлесі 70 пайыздан асса да, Үкімет тіл мәселесін шешуге құлықсыздық танытып отыр. Соған қарамастан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереді деген президентіміз орыс тілінің жыртысын жыртуын қояр емес...Санкт-Петербург Достастық елдерінің 2023 жылғы мәдени астанасы болды. Ол ТМД елдері арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына зор үлес қосты. Бұл ретте екіжақты мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып қала береді – деді Тоқаев.
Arasha.kz
ФОТО: Ақорда