"Революцияға қарсы" деген не сөз?

30.05.2020 Мінбер
7
30 мамырда президент Тоқаевтың 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай елге жолдаған сөзі жарияланды. Онда президент саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы мемлекеттік комиссия құру туралы айтты. Осыған орай белгілі журналист Серік Әбікенұлы саяси қуғын-сүргіндерді ақтау туралы 1993 жылы қабылданған заңды өзгерту қажеттігі туралы ойын жария етті. "Президент Қ.К. Тоқаев саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтайтын комиссия құруды ұсыныпты. Менің екі жылдан бері айтып келе жатқан ұсынысым: Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңды өзгерту керек . Оның 6-бабы, әсіресе в) тармағы отаршы Совет үкіметін қорғайды. а) шетелге қашып немесе ұшып кетуден басқа Отанды сатудың барлық формалары; қарулы көтерiлiс немесе қарулы бандылар құрамында Республика аумағына революцияға қарсы мақсатта басып кiру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа да күш көрсету әрекеттерiне; тiмiскiлiк, терроризм актісі, бүлдiру әрекеттерiне қатысу;
б) жай халық пен әскери тұтқын­дарға қатысты күштеу әрекеттерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезiнде осындай әрекеттер жасауына басқыншылар мен Отанын сатқандарға деп берушiлiк; в) қарулы бандыларды ұйымдастыру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа күштеу әрекеттерiне қатысу. Міне, осындай шым-шытырық. Аштан өлмеу үшін қолына қару алған азаматтар неге "банды" болуы керек, "революцияға қарсы" деген не сөз? Бұған салсақ 1916-32 жылдары көтеріліс жасаған қазақтың бәрі бандит. Комиссия осыны ескерсе" деп жазад С.Әбікенұлы.