"Қазақстанға ұлттық мектептің үлгісі қажет"

27.05.2020 Мінбер
5
фото: everydaybyday.com Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы отырыс білім саласына арналды. Отырысқа қатысқан кеңес мүшесі, "Ұлттық аударма бюросының" жетекшісі Рауан Кенжеханұлы Қазақстан ұлттық үлгідегі мектеп қажет екенін айтты. Және Қазақстандағы мектептердің мәселесіне де тоқталды.

Екіншіден, еліміздегі білім беру саласындағы өзгерістер халықаралық талаптарды ескеріп, нақты ғылым мен технология, ағылшын тілі секілді бағыттарға басымдық берді. Сөзсіз, бұл аса маңызды және қажет. Дегенмен де білім берудің әлемге ортақ стандарттары халықаралық ұйымдардың бағалау құралдары және ол ұйымдардың ақыл-кеңестері сайып келгенде, әлемдік нарыққа әмбебап маман дайындауға, Қазақстан секілді елдердің қабілетті балаларын дамыған елдерге тартуға жалпы алғанда әлем азаматын тәрбиелеуге бағытталғаны айдан анық. Әлем азаматы рухында білім мен тәрбие алған бала Қазақстанның патриоты болып өсуі екіталай. Сондықтан Қазақстанға ұлттық мектептің үлгісі қажет деп есептейміз. Нақты ғылым, технология, ағылшын тілімен қатар, тіпті одан бұрын қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстанның тарихы мен өлкетануы, ұлт өнері мен дәстүрін озық әдістеме негізінде жаңаша оқытатын сол арқылы әлем азаматы емес, бірақ әлемнен хабары бар Қазақстан азаматын тәрбиелейтін ұлт мектебінің үлгісін жасауды ұсынамыз. Ол мектептердің бағдарламасын құрастыруға осы кеңеске мүше азаматтар да үлес қоса алады деп ойлаймыз. Өзіміз де оған белсене араласуға дайынбыз" деді Рауан Кенжеханұлы.

Сондай-ақ Рауан Кенжеханұлы онлайн оқыту мәселесіне тоқталып, тиісті заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін де айтты. Және де оқушылар арасындағы суицид проблемасына да тоқталды.