"Олигархия демократияның киімін киіп, өз мүддесін күйттеп жатыр"
Олигархтардың барлық меншігі мемлекетке берешек "упущенная выгодамен" қайтарылуы тиіс. Бұлар, олигополияның арқасында "шұрық-шұрық" болып тұрған бюджетті тағы да өздеріне теліп қоймақшы! Еліміздің барлық экономикалық - өндірістік игіліктері халыққа қызмет етуі керек. Бұл басты аспект! Ал, кейбір күштер идеологиялық коктейль жасап жатыр. Сөйтіп, "Жанұялық саясатты" қайтадан тірілтпекші. Реваншизм дегеніміз осы! Шекаралық ауыл, аймақтың мүддесіне бұл азаматтардың түсіне де кірмейді! Өйткені, олар ауылдан алыс. Халықтың мұң-мұқтажын мүлдемге түсінбейді. Олардың таңдауы біздің қалауымыз да, таңдауымыз да емес! Бүкіл экономика әр-бір азаматқа қызмет етіп, игілік қарапайым адамның мүддесіне жүмсалуы тиіс", - деп жазады депутат.