"Назарбаевтың саяси қызметін тәуелсіз комиссия тексеру керек"
26.04.2022
Мінбер
6
Экс-президент Н.Назарбаевтың саяси қызметін тәуелсіз комиссия тексеріп, саяси бағасын беру керек. Бұл туралы Дос Көшім arasha-ға берген пікірінде айтты.
Оның айтуынша, Тоқаев Назарбаев туралы конституциялық заңнан, жеке басқа табынушылықтан бірте-бірте кезең-кезеңімен құтылғысы келеді. Бірден Назарбаевты жоққа шығарып, ол туралы заңдардың күшін жойып жіберуге батылы жетпейді.
"Тоқаев та Назарбаевтың кадры. Ұзақ жыл Назарбаев жүйесінде қызмет істеген. Президент қана емес, қазіргі шенеуніктердің көпшілігі Назарбаев кадрлары. Назарбаевты бірден аластап тастау олардың өзіне де тиімсіз. Әрине, билік қоғамның қарсы болатынын білді, қабылдамайтынын да біліп отыр", - деді Дос Көшім.Дос Көшімнің айтуынша, Назарбаевқа билік емес, халық баға беруі керек. Оның саяси тұлғасына қатысты ақ-қараны тарих өлшейді. Кеше конституцияға енетін өзгерістерді жасаған арнайы жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов экс-президент Н.Назарбаев жаңа өзгерістер бойынша «Қазақ елінің Тәуелсіздігінің негізін қалаған президент» болып енетінін айтқан.