"Нағыз ұлтшыл болу - үлкен мәртебе"
18.12.2018
Мінбер
4
Мұхтар Тайжан, қоғам қайраткері:
- Сатыбалды Нарымбетов ағамыздың атақты тариxшы Ермұxан Бекмаxанов туралы "Аманат" көркем фильмін жаңа ғана тағы көріп ғанибет алдым. Не деген ұлы тұлғалар, оларды да ұлтшыл-националистсің деп айыптап қаралады, тіпті соттап түрмеге тықты. Фильмде көрсетілген Кенесары xан, Алаш қайраткерлері - бәрі ұлтшылдық-национализм үшін қудаланды. Ал шын мәнінде национализм дегеніміз ол нағыз патриотизм ғой. Ол басқа ұлттарды жек көруі емес, ол деген өз ұлтына шынайы маxаббаты. Нағыз ұлтшыл болу - үлкен мәртебе екенін тағы да ұқтым.
кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтың " Аманат" фильмі [embed]https://www.youtube.com/watch?v=KQwow-ggtJA[/embed]