"Мынау – солардың тапсырысын орындаушы"
21.07.2022
Мінбер
7
"Біздің таңдау" тіркелмеген саяси партиясының жетекшісі, кәсіпкер Болат Әбілов Қаңтар оқиғасынан кейін саясатқа қайта оралып, белсенділік көрсетіп жүр. Әбіловтің белсенділігі қоғам тарапынан қолдау тауып кетті деуге келмейді. Ол туралы түрлі сыни пікірлер жиі айтылып жүр.
Жазушы, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы Дәурен Қуат Болат Әбіловтің саяси белсенділігі хақында жазба жариялады. Онда жазушы:
Сондай-ақ Дәурен Қуат Әбіловтің ескі жүйе кезіндегі кәсіпкерлік, саяси қызметіне де аз-кем тоқталады.
"«Болат Әбілов», «Болат Әбілов», «Бутя» деп жатыр екенсіздер ғой. Мен айтайын, сол Бутяларыңыз да «сау сиырдың боғы емес». Ол да кешегі жабайы жекешелендірудің тұсында қазақтың байлығын сауғандардың бірі. Ол да банктен қайтарымсыз несие алып есіргендердің ең алдында тұр. Өңіріне қатарлап тізген түймесі көп кәшімір кәстөм-шалбар киіп, коммерциялық арналардан түспей базар экономикасын бар дауысымен жарнамалағандардың жәмиғатынан табылып жүрген бұл жігіт космополиттік буржуазияның көшін бастап бергенімен, туған халқының жағдайына аса көп алаңдаған емес. Бутяның қолынан «дәм татқандар», «кереметке кенелгендер» азын-шоғын бар шығар, бірақ ол тұтас ел қамқоры бола алған жоқ. Ескі жүйенің тұсында саясатпен азды-кем айналысып, бірде көрініп, бірде көрінбей қалып, жалпы жұртпен жасырынбақ ойнауға машықтанған".Жазушы жазбасында Болат Әбілов бастаған топтың Қаңтар оқиғасына қатысты істері де айтылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев аз уақыт ішінде елде саяси реформаларды қарқынды жүргізді, жемқорлыққа қарсы күрес ашты. Мемлекет мүлкі мен қаражатын кезінде заңсыз иеленіп алғандардан ұрланған, тоналған дүниені қайтарып ала бастады. Оның алғашқы толқыны мемлекет қазынасына құйылғанына бәріміз куәміз. Бұл іс ары қарай да жалғаса бермек. Сондықтан қазіргідей қауіпті, алмағайып кезде қалың жұрттың қамын ойлаған Қасым - Жомарт Кемелұлындай азаматқа бір кісідей қолдау білдірген де ғана береке табатынымызды білгеніміз абзал. Өйткені, қазақ – береке мен бірлікті қастерлейтін халық. Атадан балаға мирас болған сол құндылығылымызды «ұстағанның – қолына, тістегеннің – аузына» беріп қоймауымыз керек", - деп ойын түйіндейді жазушы.