Ғалымжан Жақиянов: Путинсіз Қазақстан - таңдау жасайтын уақыт туды
Назарбаев кезеңінің қорытындылары
Алайда, президент билігін есепке алмағанда, егеменді елдің негізін құрайтын басқа саяси институттардың бәрі де құрғақ сөз болып шықты. Парламент, үкімет, сот, жергілікті өзін-өзі басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, партиялар – барлығы президент пен оның әкімшілігінің қатаң бақылауында қалып тұр. Тек атқарушы билікке сүйеніп тұрғандықтан мемлекетіміздің негізі тұрақсыз. Сондай-ақ экономикамыздың аса монополияландырғанын, шикізатқа қатты тәуелді екенін айтуымыз керек. Үкімет орындары бұрыңғыша нарық қатынастарына араласып зиян келтіреді, еркін бәсекеге және инвестицияларға жол берілмейді. Сол себептен өркендеуіміз тоқтап, бұқара халықтың жағдайы жақсармады. Егемендігіміз болса нығаймады, ел іргесі мықты боп қалыптаспады. Ғылыми тілімен айтқанда, әлсіз мемлекеттер (fragile states) қатарынан шықпадық.
Егемендік дегеніміз не? Қазақстанның нақты жағдайы қандай?
Ең айқын мысал – 2022 жылғы Қаңтар трагедиясы. Қанды оқиғаны халықаралық мамандарды шақырып, тәуелсіз тергеу жүргізуден президент Тоқаев бас тартты, ал биліктің өзі шығарған қорытындысы сенім туғызбайды. Оның үстіне Қаңтар қырғынына қатысты сот отырыстары құпия өтті. Дегенмен, Қаңтар трагедиясы бірінші және екінші президент арасындағы тартыстан туындағаны айдан анық. Нәтижесінде, жерімізге шетелдік қарулы қол кіріп, Путин қолдаған адам еліміздегі билік таласының жеңімпазы атанды. Бұрыңғы замандағыдай, билік етү жарлықты («ярлык на княжение») Кремль тапсырды.
Таңдау жасайтын уақыт туды
Ғалымжан Жақиянов facebook желісіне жақында тіркеліп, осындай жария жазба жариялады. Ол бұл жазбаларының жалғасын барын да айтқан. Жақиянов Назарбаев дәуірінде Семей және Павлодар облыстарын басқарған. Кейін саяси қудалауға түсіп, сотталған. 2000 жылдардың басында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын құрушылардың бірі болды. Қозғалыс ыдыраған соң, Моңғолия кәсіпкерлікпен айналысты, АҚШ та оқу оқыды. Оның Қазақстанға оралғанына көп уақыт болған жоқ.Біз Ресейге тәуелді екеніміз жаңалық емес. Бәлкім, ескі жараны тырнаудың қажеті жоқ шығар. Көп жағдайда амалымыз бен жүрер басқа жолымыз шамалы болғандықтан, үндей алмадық. Алайда, жер шарындағы соңғы оқиғалар түбегейлі өзгерістер дауылы жақындағанын байқатады. Путиннің режимі күн санап әлсіреп барады, ертең немесе жыл өте құлауы мүмкін. Ресей Федерациясының тағдыры қандай болатынын білмейміз. Бұл ең алдымен олардың өздерінің шаруасы деп ойлаймын. Бірақ бұл өзгерістер бізге тікелей әсер ететіні анық. Ашығын айтқанда, мәселе мынада: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ? Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе? Әлде нағыз егемендігімізді орнату үшін мың жылда бір келетін тарихи сәтті пайдаланамыз ба?