Депутат: Бізге «рамочный» заң керек емес

04.10.2023 Мінбер
8
Мәжілістегі «Аmanat» фракциясының мүшелері Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа депутаттық сауал жолдады.

Ол осыған қатысты бірнеше мысал келтірді.

Мен білетін, Омбы – Майқапшағай тас жолы, Тұғыл ауылындағы 10 жыл бойы салынбай жатқан спорт кешені, Ақсуат ауданындағы жартылай бітпеген су бөгеті, Төрткүл ауылындағы мектеп құрылысы сияқты бітпеген нысандар жетеді. Бұл мәселені әр ай сайын «AMANAT» фракцияның мүшелері қаперінде ұстап отыр. Ел тұрғындарына сіздер жасаған проблеманы түсіндіріп әлекпіз! Осы отырған әріптестерімнің өзі де, мыңдаған мысал айтып, түсін түстей алады. Солай емес пе?! Неге, өйткені әлеуметтік маңызды объектілер мердігерлердің бақа есебінен, жеке мүддесінен аспағандықтан соттасумен бітпей жатыр – деді ол.

Қыс мезгілі де келіп қалды, шалғайдағы ауылдардың жолын қар басып, мекемелер жылусыз қалып, халық қиналса оған кім жауапты болмақ?

Оның сөзінше, заңнан биік құжат жоқ. Сондықтан, ел мүддесін қорғайтын заңдарға келгенде – өз еріктеріңізбен қазаншы болуды тоқтатуды сұрады.

Ертең дау туғанда, проблема болғанда халық та, мердігер де «AMANAT»-тың депутаттарын іздейді. Сол үшін әрбір мәселе заң деңгейінде пысықталуы қажет. Бізге «рамочный» заң керек емес. Әлі де уақыт бар. Айтарымыз біреу ғана – заң жобасын қайта қарастыру қажет! – деді депутат.

Arasha.kz

ФОТО: Владислав Воднев