Берік Әбдіғалиұлы: Үкімет ауысу керек

04.01.2022 Мінбер
5
Берік Әбдіғалиұлы, Мәжіліс депутаты: - Шұғыл жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық шешімдер қажет! Жанаөзеннен басталған бауырларымыздың талабы орындалды! Бұл тек үкіметтік комиссиясының шешімі емес, ол Мемлекет басшысының шешімі. Газ бағасының өсуі себеп болғанымын, халықтың наразылығының басты себебі – жаппай қымбатшылық, әсіресе азық-түлік бағасы. Елдің талабы – қымбатшылықты тоқтату, тоқтата алмаса жаппай жалақыны көтеру. Сондықтан газдың бағасын төмендетумен шектелмеу керек. Шұғыл жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық шешімдер қажет! Осы наразылыққа және қымбатшылыққа жол берген Үкімет ауысуы керек!