Бапи Үкіметке: Ескі Қазақстанның халық алдындағы қарызын неге іздемейсіздер?
20.10.2023
Мінбер
8
Бүгін «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы» деп аталатын парламенттік таыңдауда депутат Ермұрат Бапи «Ескі Қазақстанды» тексеру мәселесін көтерді.
Ол «аш адамға ақыл жүрмейтінін» ашып айтты.
Қымбатшылықтың қамыты қылқындырған халыққа ақыл қонбайды. Үйіндегі үйелмен бала-шағасын суға піскен макаронмен қоректендіруге мәжбүр боп отырған халыққа қандай ақыл айтуға болады? Есіңізде болсын, қарыз ауыртпалығына ел тұрғындарының өзі кінәлі емес, халықты осындай қайырсыз күйге түсірген мемлекет пен оның дәрменсіз үкіметі кінәлі – деді ол.Сондай-ақ депутат Бас прокуратураға қарата «Ескі Қазақстанды» неге тексермей отырғанын сұрады.Оның айтуынша, 2008-2020 жылдар аралығында қаржы ұйымдарына (әскерге, мектептерге, медицинаға, т.б. көмектің орнына) халықтың триллиондаған ақшасы құйылды, министрліктер қолайлы баға алу үшін Worldbank сияқты халықаралық ұйымдарды есептерімен алдап кетті. 2022 жылдың қаңтарына дейін ақшаның қайда кеткенін ешкім сұрамады.
Егер сол триллиондар қайтарылатын болса, халықтың банктер алдындағы қарызын үш қайтара жауып тастауға жетер еді. Ал сіздер тіпті ол банктерді неге «сауықтырғандарыңызды», ол банктер неге «сырқат» бола қалғанын білмейсіздер! Білсеңіздер де, ескі Қазақстанның алдында құймышақтың астымен демалып, үндеріңіз шықпайды – деді депутат.Ол сол қарызды халыққа қайтарайық, әлеуметтік әділеттілікті қалыптастырайық деп, біз ұрланған активтерді қайтару туралы арнайы заң қабылдағандарын айтты.Депутат өзіне жеткен ақпаратқа қарағанда, оның құрамы 30-40 адамнан аспайтынын атап өтті.
Бұл дегеніңіз бір министрліктің бір департаментінен немесе бір аудандық әкімдіктің штаттық құрамынан аспайтын аппарат. Мүдделі ведомстволар – Бас прокуратура, «антикор» мен АФМ «ескі Қазақстанның» сыбырлауымен ел президентінің бастамасын су аяғы құрдымға жіберу үшін, осындай қол-аяғы қырқылған құрылым құрған деп білем. Сіздер халықты қарыз салудан сақтандырғыларыңыз келеді, бірақ ұрланған активтерді қайтару мәселесімен айналысуы керек Комитеттің құрылымы жөніндегі ақпаратты депутаттардан және клептократтар ұрлап әкеткен капиталдың қайтуын күтіп отырған халықтан неге жасырып отырсыздар? Активтерді қайтару жөнінде қоғамға таратылуы тиіс ақпарат неге мардымсыз? – деді депутат.Ол үкіметке, бүкіл әлемнің қуыс-қуысына, офшорлар мен шетелдік банктердің түкпір-түкпірі түгілі, өз еліміздің ішінде түрлі қитұрқы схемалармен тығылған орасан зор активтерді қайтару ісімен Комитеттің осы отыз адамдық кесілген құрамы толық мүмкіндікпен айналыса алады деп ойлайсыздар ма? – деген сұрақты төтесінен қойды.Ол әлі күнге дейін Біріккен Араб Әмірліктеріне ақша аударылымдары жасалып жатқанын айтты.
Халықты қарыздан сақтандырғаннан бұрын, сол аударылымдардың тарихын тексеру керек! Осылайша, Үкімет ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТОҚТАЛҒАН АКТИВТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢЫНА САБОТ ЖАСАДЫ деп есептеймін – деді депутат.Arasha.kz
ФОТО: forbes.kz