"Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу керек"

29.12.2020 Мінбер
6
Қазіргі білім және ғылым министрлігінің жұмыс ауқымы өте үлкен болғандықтан министрлікті екі бөліп, штат санын өсірмей білім министрлігі және жоғарғы білім және ғылым министрлігі етіп екі министрлік құру керек. Бұл туралы сенатор Мұрат Бақтиярұлы сенат отырысында айтты.

Сондай-ақ Мұрат Бақтиярұлы Байқоңыр қаласындағы орыс мектебінде оқитын оқушылар мектепке барып оқыса, қазақ мектебінің оқушылары қашықтан оқып жатқанын айта келіп, ауыл-аудандардағы мектеп оқушыларының мектепке барып оқу мәселесін қайта қалпына келтіру керектігін де айтты. Сенатордың тағы бір көтерген мәселесі  - кейбір ректорлардың ондаған жыл бойы оқу орнын басқаратыны болды.

"Кейбір адамдар ондаған жыл бойы ректор болып отырады. Қазіргідей нарық қатынастары заманында бұл дұрыс емес. Ректор төрт жылдан артық отырмайтын және екі реттен артық ректор бола алмайтын ұстаным енгізуіміз шарт", - деді сенатор.