Қытайдағы "I'm a singer" байқауына қазақтың жиені қатысып жатыр
11.01.2019
Мәдениет
6
2017 жылы жерлесіміз Димаш Құдайберген қатысып, әлемге танылған Қытайдағы "I'm a singer" байқауына анасы қазақ, Ресейде туған, болғар азаматы Кристиан Костов қатысып жатыр. Ол туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында хабарлапты.
https://www.instagram.com/p/BsfnHbZhiZd/
Кристиан 2017 жылы Киевте өткен "Евровидение" байқауында екінші орын алған талантты әнші. "Евровидениеде" ол Болгарияның атынан шықса, "I'm a singer" байқауына Ресейдің атынан қатысады екен. Жас әнші бала кезінен түрлі байқауларға қатысып, өзінің әншілік қырын жан-жақты көрсетіп келеді.
Кристиан Костов 2000 жылы Мәскеуде туған. Анасы Зәуре - қазақ, әкесі Константин -болғар. Қазіргі уақытта Кристиан Болгария мен Ресей елдерінің атынан көптеген ән байқауларына қатысып жүрген әнші.
[caption id="attachment_5537" align="alignnone" width="600"]
Кристиан Костов отбасымен. сурт nur.kz алынды[/caption]
https://www.youtube.com/watch?v=YuggjTxdKJQ

