Тоқаев: Бұл - нағыз береке-бірлік мейрамы

14.03.2021 Мәдениет
5
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arasha.kz. "Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы",- деді президент Twitter-аккаунтында. Көрісу күнін Амал мерекесі деп те атайды. Бұл күнде көрші-көлем бір-біріне "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!" деп тілек айтады.