Қарағанды әкімдігі 35 млн теңгені қайда жұмсады?

17.10.2023 Мәдениет
6
Бұл сұрақ Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы басшысы Еркебұлан Жұмакеновқа бағытталған. Сұрақ қоюшы тарихшы-зерттеуші Әділет Жағыпар.

Алайда ол бұл шараға барған жандардан тек қана осы фестивалды мақтап жазылған, мәдениет басқармасының басшысына арналған одаларды ғана көріп отырғанын жазады.

Оларды да түсінуге болады, кейбіреуі басшының орнында, кейбіреуі осы тендер аясында соны мақтап жазуға арнайы апарған жандар, ал көп бөлігі сол мәдениет саласында қызмет атқаратын жандар. Біткен іске сыншы көп деп те айтатын жандар болар, бірақ та менікі көргенді айту, ұйымдастырушыларға сол жерде айтып жауабын алмағаннан кейін қоғам талқылауына салуды жөн көріп отырмын – дейді ол.

Тарихшы осы шараны өткізуге бөлінген 35 миллонды қайда жұмсағандарын ашып жазып беруін сұрайды.

Ол бұл жағдай «облыстағы мәдениет саласын басқарып отырған Еркебұлан Жұмакеновтің құйтыртқы әрекеті емес пе?» – деп күдіктенеді.

Мен мәдениеттің музей саласында бес жарым жылдай уақыт қызмет атқардым. Сондықтан да біраз адамды сырттай емес іштей білемін. Сол жерге келген мәдениет саласының мамандары – таныстарымның айтуынша Мәдениет басқармасы басшының пәрменімен осы жерден табылғандарын айтады. Ең қызығы бір күн бойы аш болғандарын айтпайды әрине. Сол күні айтқан – дейді ол.

Тарихшы сонымен қатар, Шет ауданы әкімшілігі осы шараға киіз үйлер тігу жөнінде ауылдық әкімдіктерге нұсқаулық берген екен, сонда 35 миллион теңге қайда жұмсалғанын сұрап отыр.

Мен бұл жерде біреудің еңбекпен тапқан ақшасын санап отырған жоқпын, халықтың салығынан жиналған ақшаның есебін білгім келеді және мемлекеттік сатып алу бойынша талаптардың барлығының орындалмағанын барып көргеннен кейін жазып отырмын, бары осы. Осы мәселені көтеретін облыстық депутат немесе облыстық қоғамдық кеңес мүшелері бар ма екен? – дейді тарихшы.

Arasha.kz

ФОТО: Дереккөз