Соңғы 5 жылда 135 отандық фильм түсірілген

11.02.2020 Мәдениет
5
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дерегі бойынша соңғы 5 жылда (2015–2019 жж), 150 фильм, 8 сериал түсіру жоспарланған, нәтижесінде 135 фильм және 8 сериал түсіріліп, 12 жұмыс өткізілген жоқ, ал 3 жұмыс туралы ақпарат белгісіз деп хабарлайды ranking.kz. 2019 жылы 17 фильм түсіріледі деп жоспарланған еді, бірақ 11 картина түсіріліп, тағы 6 картина әлі өткізілген жоқ. Өткен жылы тек қана көркем және деректі фильм түсірілген. Түсірілген фильмдердің жанрына келетін болсақ: 57 драма, 75 деректі фильм және 3 анимациялық фильм түсірілді. 2019 жылы 1 драма және 7 деректі фильм түсірілді, ал 3 фильмнің жаныры туралы мәлімет жоқ. Соңғы бес жылда түсірілген фильмдердің көбі қазақ тілінде - 71 фильм, орыс тіліндегісі - 58. Сонымен бірге ағылшын тілінде 4 картина және қос тілде (қазақ, орыс) 1 фильм түсірілді. Бір кинолента туралы ақпарат жоқ.