Кемел Тоқаев - 100: Детектив жанрының дегдары
– Сізге есігіміз әрқашан ашық. Келген шаруасы өзінің сөйлесіп бер деген адамымен ақылдасып тынған соң рақметін айтып, орнынан көтеріле берді. Сол арада мен сәл аялдай тұрсаңыз қайтеді дегендей белгі бердім. – Көптен көкейімде жүрген бір сұрағым бар еді. «Атаманның ақыры» деген фильмге байланысты Шәкен Айманов ағамыз ерледі-ау! Қазақтың детектив киносын Одақтық биікке бір-ақ ырғытты. Ал бұл керемет оқиғаның кітап бетіне күні бүгінге дейін ізі түспеген. Кемекең жайдарлана жауап қатты. – Түпкі ойыңыз түсінікті. Шытырман тақырыптың хал-қадары менен сұралатыны қызық… Қытайдың Іле округінде тұрған атаман Дутов әскерінің жалғыз-жарым оқпен-ақ тарағанынан мен де хабардармын. Жаркент уездік милициясының нәшәндігі Қасымхан Чанышевтың Жетісу облыстық ревкомына жазған хатымен, өзге де материалмен таныспын. Оқиға фильмдегіге ұқсайды да, ұқсамайды да…», – деп жазады Шерияздан ағамыз. Қиындыққа мойымаған, адалдықты бойына ту еткен, қазақ әдебиетіндегі өзгеше жолды таңдады. Оразалинше айтқанда, «қаламының желі бар қарапайым қара бала қараша қазағына тосын детектив жанрын әкеліп, осынау тың бағытты жоғары деңгейге шығарды». Отызыншы жылдардың ойраны. Бішкектегі бақытсыздық. Түркістандағы балалар үйі. Шымкенттегі мектеп-интернат. Сұм соғыстың салдары. Жазушылық жол. Мұның бәрі Кемел Тоқаев жүріп өткен өмір жолы. Тыңнан түрен салу – құдіретті қаламгерге тән. Қазақта ең бірінші болып детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың еңбегі ерен! Ел сондықтан да қашанда құрметпен қарайды.«…Кәмекеңнен өз басым Баспа комитеті жүйесінде қызмет етіп жүргенде таныстым. Оған дейін сырттай есімінен қанық болатынмын. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі кеңес милициясы мен чекистерге арналған шығармаларға бәйге жариялағанында бірінші бәйгені қатарынан төрт рет алып қайран қалдырған лауреатты ол кезде білмейтін адам кемде кем еді. Жәкен детектив жанрына шеберленіп алған жазушының «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма» повестерін кітап сөрелерінде шаң қауып жатпай тез арада өтіп кететіндігімен, баспа орындары пайда табу мақсатында әлденеше рет қайта басып шығарғанын да білетінмін. Сырттай сыйлап жүретін адамымен кездескенде қалай сөйлесіп шүйіркелесетінің белгілі. Оның бер жағында кешегі Ұлы Отан соғысында тарихтың ең ауыр жүгін арқалап, қазақтың абырой-даңқын аспанға шығарған, «Мен – қазақпын» деп кеудемді тік ұстауға жол ашқан жауынгер ұрпақтың өкшесін баса өскен біз сол ұрпаққа ілтипатты, махаббатты боп өстік. Осы бір орта бойлы, қапсағай денелі, толқынды қою шашын сол жақ самайына құлата қайыратын, үстіндегі киімін бипаздап, қыл жұқтырмай ұстайтын, әрқашан сабыр суы сепкен орнықты адаммен арамызда жылы шырайлы сыйластық қатынас орнаған. Есте қалған бірер жайтқа оралайын. Кәмекеңнің Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі ведомстволарының бас редакторы кезі. Бір күні маған «вертушкамен» телефон шалды. «Бірер минутқа кіріп шығатын шаруа еді».
Arasha.kz
ФОТО: Владислав Воднев