Нью-Йорктегі Barclays Arena-дағы жұлдыздар аллеясына Димаштың суреті ілінді

28.02.2020 Мәдениет
5

АҚШ-тағы Бруклин ауданында орналасқан Barclays Center спорт аренасындағы танымал жұлдыздардың суреттері ілінген дәлізде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің де суреті ілінді. Бұл туралы әншінің сайтында  жарияланған.

"Жақында Barclays Center-дің дәлізіндегі әлем елдеріне танымал көптеген жұлдыздардың қатарына қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің де портреті ілінді" деп хабарланған әншінің ресми сайтында. Фото:dimashnews.com