"JASA KIDS" 40 балаға демалыс сыйлайды
17.06.2022
Мәдениет
5
«JASA KIDS» әлеуметтік жобасы Петропавл қаласының балалар үйінің 40 тәрбиеленушісіне Алматыға 7 күндік саяхат ұйымдастырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.
2022 жылғы 20-26 маусым аралығында «Союз Жаса» қоғамық қоры Петропавл қаласынан 40 жетім балаға Алматыға алғашқы саяхатын ұйымдастырады. Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, туған табиғатын танып білуге және қорғауға, қоғам игілігі үшін еңбек етуге ынталантырып, ел бірлігін нығайтуға ұмтылу. Жобаның негізгі қаржыландыруы меценаттар - Асербеков Омар, Владислав Заплетин, Лукьянчук Денистің көмегімен жүзеге асырылады. 7 күн ішінде балалар мұражайларға, ұлттық саябақтарға барады, білім беру бағдарламаларына қатысады, бағдарламалау бойынша семинарларға қатысады, табысты және танымал адамдармен кездеседі. Жобаға танымал блогерлер мен TikToker-лер қатысады. Бұл жобаны тұрақты түрде жүзеге асыру жоспарланып отыр және Қазақстандағы балалар үйі институтын кезең-кезеңімен жоюды көздейді.«Балаларға ерекше көңіл бөлу керек. Олардың амандығы – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі», – деді Елбасы.