Елімізде тарихи-мәдени мұра цифрландырылады

18.03.2025 Мәдениет
5

ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол қазіргі уақытта Министрліктің қолдауымен «Qazaq Culture» ақпараттық-ағарту платформасы жұмыс істейтінін атап өтті. Платформа 8 тілде жұмыс істейді. «Qazaq Culture» платформасы Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік аудиторияға да ақпарат таратады.

«"Qazaq Culture" жобасын кеңейту жөніндегі жұмыстар шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұрасының цифрланған объектілері, құнды экспонаттары мен сирек кездесетін жәдігерлері бар жеке модуль іске қосылады», — деп түсіндірді Аида Балаева.