Димаш "Вечерний Ургантта" Назарбаев туралы не айтты?

01.11.2019 Мәдениет
5
Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Ресейдегі белгілі шоу-бағдарламалардың біріне қатыстып, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың танымалдығы туралы айтты. Әзіл-қалжыңы аралас "Вечерний Ургант" шоу-бағдарламасында жүргізуші Иван Ургант Димаш Құдайбергенге: - Саған жақында Джеки Чанның өзі (танымал кино жұлдыз ред.) хабарласыпты ғой?" - деген сұрақ қойған еді, Димаш Джеки Чанның танымал бола тұра қарапайым екендігін айта келе: -"Ол тіпті әлемгі ең танымал адам деуге болады, тіпті барлық президенттерден де танымал", -деп айтып жатқанда, Ургант Димаштың сөзін бөліп: -"Бірақ біреуінен кейін...", -деп айтып қалып еді, Димаш та қалжыңды іліп алып: -"Назарбаевтан кейін...", -деп жауап қайтарды. Бағдардламаға қатысып отырғандар бұл сөзге ду күліп, Ивант Ургант жөтелген сыңай танытты. Ал Димаш болса: -"Сіз жөтеліп жатқанда мен сізге қазақтың сыйлы адамдарға тарту ететін шапанын сыйлағым келеді", -деп Иван Урганттың иығына шапан жапты. Тележүргізуші мұндай шапан Николос Кейдж екеуінде ғана бар екенін айтып, қуанышын білдірді. Содан, Димаш Урганттан "жалғыз президент" тақырыбына оралғысы келетінін айтты да: -"Сіз әлі де ол Назарбаев емес деп есептейсіз бе?" -деп сұрап еді, Ургант басқа адам туралы ойлағанын айтып, бағдарламаға Дмашпен бірге қатысқан Игорь Крутой: -"Своя рубашка ближе к телу (өзіңдікі өзіңе жақын)", -дегенді айтты. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=kqdObv1Os_U[/embed]