Димаш Құдайберген: Шоу-бизнес әлемінің эпицентрінде болуым керек
11.02.2021
Мәдениет
5
Қазақстандық мега жұлдыз Димаш Құдайберген шығармашылығын АҚШ-та шыңдайды. Әнші бұл туралы MTV USA арнасына берген сұхбатында хабарлады.
Ол телеарна жүргізушысы Кеан Кеннимен болған сұхбатында Америкаға сапары туралы баяндады.
«Мен өз шығармашылығымды жетілдіру үшін Америкада біраз уақыт өткізуді жоспарлап отырмын. Ол үшін шоу-бизнес әлемінің эпицентрінде болуым керек. Менде ондай тәжірибе болған: мен Қытайда өзімнің музыкамды дамыту үшін үш жарым жыл болдым. Менің сүйікті жерім - ол менің отбасым тұрып жатқан жер», - деді Димаш.