Димаш Құдайберген 8 наурызға тосынсый әзірледі

04.03.2019 Мәдениет
4
Белгілі әнші Димаш Құдайберген «Аққуым» әніне жазылған клипінің тизерімен өзінің инстаграмдағы парақшасында таныстырды. «8 наурызға менен кішігірім тосын сый. Жуырда...», - деп жазды әнші өзінің парақшасында. Еске салсақ Димаш бұған дейін «Аққуым» әніне клипін Украинада түсіретіндерін жариялаған. «Украинаға ұшып келдік. Кеше «Аққуым» әнінің клипін түсіріп біттік», -деген болатын әнші бұған дейін. https://www.instagram.com/p/Bui__h7BaDZ/