Жыл басынан бері Астанада жол апатынан 6 адам қаза болған

17.08.2023 Қоғам
5
Астана қаласы прокурорының орынбасары А.Ермахановтың төрағалық етуімен ведомствоаралық кеңес өтті. Онда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кеңес жұмысына Полиция департаментінің, қала әкімдігінің басшылығы қатысты.

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін – 1234, жүргізушінің телефонын пайдаланғаны үшін - 228, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін – 214.

Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін сот шешімімен 43 адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Көлік жүргізушілерінен басқа жаяу жүргіншілер арасында заң бұзушылар анықталды. Олардың кінәсінен туындайтын ЖКО-ның негізгі себептері – белгіленбеген орындарда жолдан өтуі. Жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жол жүру ережесінің талаптарын орындамағаны үшін 2 652 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кеңеске қатысушылар елорда үшін ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын әзірледі - делінген хабарламада.

Arasha.kz

ФОТО: alataunews.kz