Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандық Беларусь елінен экстрадицияланды
09.02.2023
Қоғам
4
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Беларусьтен экстрадицияланды.
ҚР Бас прокуратурасы мәлім еткендей, бүгін, яғни 9 ақпанда ведомство қызметкерлері Интерполдың көмегімен «А» азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады.
Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды. Айта кетсек, Қазақстан заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.«Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды», - делінген хабарламада.