Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты

06.04.2023 Қоғам
5
Қоғам белсендісі, тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының басшысы Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты. Өз сөзінде қоғам белсендісі бір жыл бұрын Қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде күдікке ілігем деп ойламағанын жеткізді. Сонымен қатар ол елдегі миллиондаған адам қайыршылық алдын тұрғанын, олардың проблемасын шешу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ ол өз орнында елді 30 жыл бойы басқарған адамдар тұруы керектігін айтты.

«Менің орнымда елді осындай нашар күйге жеткізіп, 30 жыл бойы елді тонағандар тұруы керек», - деді Мамай.

Сот талқылауды 10 сәуірге қалдырды.