Жанар Жандосованы сайлаудан алып тастады

26.02.2023 Қоғам
5
«Оның декларациядағы деректерінде сәйкессіздіктер бар», - деді Алматы АСК төрайымы Айгүл Қалықова. Жанар Жандосованың өзі декларацияны қате өткізуім мүмкін емес деп отыр, ол сәйкессіздік қай жерде орын алғанын егжей-тегжейлі тексеретінін айтты. Жанар Жандосова №17 сайлау округі бойынша Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде сайлауға түскен. Сондай-ақ тағы бірнеше адам сайлауға қатысудан шеттетілді. 24 ақпандағы жағдай бойынша сайлаудан мына азаматтарды шеттеткен: – Актер Тұңғышбай Жаманқұлов (мәжіліс 4-ші округ); – R.T.A.Group» ЖШС-нің директоры Рустембек Көшербаев (мәжіліс 5-ші округ); – ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценты Болат Сайлан (мәжіліс 5-ші округ); – «Фирма Строй Рем Сервис» ЖШС, «Medical Development» ЖШС-нің бас директоры Азамат Қалматаев (мәжіліс 17-ші округ); – Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 3 курс студенті Иляс Юсупжанов (мәжіліс 7-ші округ).