Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты

17.04.2023 Қоғам
5
Жаңаөзенде адамдар әлі де құтқарылып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды - ер, әйел және баланы тірідей шығарды. Осылайша қазір құтқарушылар үйінді астынан 4 адамды тірідей алып шықты. Оған қоса тағы үш қаза тапқан адамды алып шықты. Құтқарылғандар мен медицина көмегіне жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды. Үйіндіні тазалауға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылған: құтқарушылар, оның ішінде кинологтар, Ұлттық ұлан әскерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер. Айта кетсек, Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екінші шағын аудандағы көпқабатты үйде газ баллоны жарылған болатын.