Жаңаөзенде қамауға алынған жұмыссыздар босатылды
10.05.2023
Қоғам
7
Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіп бұзған 17 адам полиция басқармасына жеткізіліп, профилактикалық әңгіме жүргізілген соң олар үйлеріне жіберілді.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 10 мамырда сағат 12:00 шамасында Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелгенін хабарлады.
Атап айтқанда жиналғандар ескертуге қарамастан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы - "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан заңнамасын бұзып, наразылық акциясын өткізетінін мәлімдеді.
Айта кетсек, бүгін Жаңаөзен қаласының әкімі бір топ жұмыссыз азамат әкімдік алдына наразылық акциясын ұйымдастырып, мұнай-газ саласына жұмысқа орналаспайынша, аштық жариялайтындарын мәлімдегенін растаған болатын."Полиция қызметкерлері 17 құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізді. Құқық бұзушылармен прокуратура және әкімдік қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізді. Кейін олар үйлеріне жіберілді", - делінген хабарламада.