Ұзынағаштағы атысқа қатысы бар күдіктілерге іздеу жарияланды

10.08.2022 Қоғам
4
Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында болған атысқа күдікті азаматтардың суретін жарияланып, оларға іздеу жарияланды. Еске салсақ, Ұзынағаш ауылында тапа-тал түсте атыс болып, салдарынан бір адам қайтыс болған еді. Енді жас жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге соттың санкциясымен іздеу жарияланды. Алматы облысы полиция департаменті: Козыбаев Гани Муратұлы – 31 жаста, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша; Аскар Жаныбекұлы Тыныштыков – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша; Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша; Нурсултан Бахтиярулы Аукенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша іздеу жариялады.