Ұлытау облысында мемлекетке 218 млн теңге қайтарылды
28.10.2024
Қоғам
5
Прокурорлық тексеру барысында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде (бұдан әрі -Бөлім) жоғарылатылған бағабойынша құрылыс жұмыстары қабылданғаны анықталды.
Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңгені құрады.
Прокурорлық ден қою шараларымен бұзушылықтар жойылды, Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша жауапқа тартылды (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық).
Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.